8 мамыр Лас-Вегаста ресейлік боксшы мексикалық бокс жұлдызын төрешілер шешімімен жеңген болатын.
ERNUR.KZ. Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) жаттығуға әлі кіріспегенін және Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) ұсынысын күтіп жатқанын айтады, деп жазады vesti.kz.
8 мамыр Лас-Вегаста ресейлік боксшы мексикалық бокс жұлдызын төрешілер шешімімен жеңген болатын.
"Әзірге жаттығуды бастаған жоқпын. Таңғысын жүгіріп қоямын. Әзірге үзіліс - "Канелоның" командасын күтіп отырмыз. Олар реванш туралы ұсыныстарын айтуға уақыты бар. Бізге бірінші болып ұсынудың мәнісі жоқ. Мені үнемі титулды айқастар қызықтыратын.
Бетербиев пен Джо Смит айқасының жеңімпазы маған жақсы қарсылас болады. Бұл қаншалықты мүмкін екенін білмеймін. Ал осы жекпе-жекте Бетербиевте басымдық бар деп ойлаймын, оның техникасы жақсырақ. Күштері шамалас, жоқ, тіпті Бетербиев мықтылау", - дейді Бивол.