Қарсыласы 2 дүркін Азия чемпионы атанған тәжірибелі спортшы болатын.
ERNUR.KZ. Каратэден Лаура Әліқұл (68 келі) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп жазады ҚазАқпарат.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лаура жартылай финалда индонезиялық Сейко Джорджия Зефаньяны 5:1 есебімен жеңіп кетті.
Қарсыласы 2 дүркін Азия чемпионы атанған тәжірибелі спортшы болатын.
Лаура жартылай финалға дейін тағы бір 2 дүркін Азия чемпионы Хуонг Зи Динхты (Въетнам) 7:4 есебімен орта жолда қалдырды.
Енді ол финалда қытайлық Цяоцяо Лимен күш сынасады. Қытайлық спортшы бұған дейін Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері болған.
Еске салсақ, Азия ойындарында каратэші Нұрқанат Әжіқанов финалға шықты.