Краузенің спортық жарыстарға бәс тігетіндермен қатысы бары анықталды.
ERNUR.KZ. Бапкер Джеймс Краузге қатысты даулы оқиғаға қатысы бар деген айыппен Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NAC) UFC ұйымында өнер көрсететін Джефф Молинаны жарыстардан шеттеді, деп жазады vesti.kz.
ESPN мәліметінше, Краузенің спортық жарыстарға бәс тігетіндермен қатысы бары анықталды. Ол бапкерлік қызметі арқылы қолжеткізген ақпараттарды инсайд ретінде ұсынып отырған, онымен қоса, кейбір жекпе-жектерді өзіне ыңғайлы етіп аяқталуына ықпал жасаған деп айыпталуда.
NAC тергеу уақытына Молинаны UFC файтерлері тізімнен шығарып тастады. Ал промоушеннің өзі спортшымен келісімшартты әзірге үзген жоқ.
Еске салайық, Молина 2022 жылы шілдеде қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен айқасқа шығып, төрешілердің бөлек шешімімен - 29:28, 28:29, 30:27 жеңіске жеткен болатын.