Екі ойын қатарынан гол соқтырмаған Қазақстан құрамасы тағы төрт командамен қатар, «құрғақ» матчтар рейтингінде көш бастады.
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасында өткізген екі матчтан кейін UEFA-ның бірден екі рейтингінде көш бастады, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұған дейін жазғанымыздай, бірінші турда қазақстандықтар өз алаңында Әзербайжан құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Матч астанадағы «Астана Арена» стадионында өтті. Кейін Магомед Адиевтің командасы сыртта Словакияны 1:0 есебімен жеңді.
Екі ойын қатарынан гол соқтырмаған Қазақстан құрамасы тағы төрт командамен қатар, «құрғақ» матчтар рейтингінде көш бастады. Сондай-ақ сейвтер саны (10) бойынша алдыңғы орынға шықты. Соққылардың осындай көрсеткішіне Гибралтар және Хорватия командалары ие.
Еске салайық, UEFA Ұлттар лигасының топтық кезеңі ойындарына қатысып жатқан Қазақстан футболшылары:
Қақпашылар: Игорь Шацкий, Мұхаммеджан Сейсен, Бекхан Шайзада. Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров, Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Елдос Ахметов, Михаил Габышев, Ғафуржан Сүйімбаев, Талғат Көсепов.
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов, Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский, Эльхан Астанов, Бауыржан Байтана, Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов. Шабуылшылар: Артур Шушеначев, Абат Айымбетов, Абылайхан Жұмабек.