Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды

0
458

Аталған сында қазақстандық балуандар 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.


Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды

ERNUR.KZ. Таиландта грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды, деп жазады baq.kz.

Аталған сында қазақстандық балуандар 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Юсуф Ашрапов (67 келі) пен Ерасыл Жеңіс (82 келі) алттын жүлдегер атанды.

Арсен Жұма, Бағылан Қуанышев, Рахат Бержанов пен Джохар Узаровтың еншісінде күміс бар.

Ал Айбек Айтбеков, Тайым Амангелді және Диас Сейітқалиевтер турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 185 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.