Біздің команданың еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар.
ERNUR.KZ. Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады, деп жазады zakon.kz.
Біздің команданың еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар. Екінші орында 2 алтын, 1 күміс иеленген қытайлық Тайпей командасы тұр. Үздік үштікті 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея түйіндеді.
Қазақстан құрамасы
- ересектер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Федоров Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь, Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова);
- жасөспірімдер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Батырхан Алик, Мансур Бейсембай, Михаил Подлужный, Ангелина Буренкова, Евгения Заам и Екатерина Удовыкина);
- ерлер арасындағы жекелей сыннан (Евгений Федоров);
- жасөспірім қыздар арасындағы жекелей сыннан (Мария Елькина):
- андерлер арасындағы жекелей сыннан (Николя Винокуров)
- және андер қыздар арасындағы жекелей сыннан (Ақпейіл Өсім) алтын алды.