33 жастағы футболшы екі жақты келісім бойынша "Шахтер" командасынан кетті.
ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетов "Ақтөбе" сапына ауысты, деп жазады vesti.kz.
33 жастағы футболшы екі жақты келісім бойынша "Шахтер" командасынан кетті.
Ал "Ақтөбе" сапына Досмағамбетов еркін агент ретінде ауысты. Негізі осыған дейін бұл футболшыға "Астана" командасы қызығушылық білдірген еді.
Биыл қорғаушы ҚПЛ-де 14 кездесуге қатысып, бес гол соқты.