Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді.
ERNUR.KZ. Түркияның Конья қаласында Ислам ынтымақтастығы ойындары мәресіне жетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталып, 18 тамызда аяқталды.
Бесінші мәрте жалауын желбіреткен дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 89 медаль еншіледі. Оның ішінде 27-і алтын, 23-і күміс, 39-ы қола.
Жалпы командалық есепте Түркия, Өзбекстан, Иран және Әзербайжан құрамалары алғашқы төрт орынды өзара бөлісті.
Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.
Айта кетсек, жарыстың соңғы күнінде кикбоксингтен Берік Ысқақов (63,5 келі) «алтын» алды.
Оған қоса Батырхан Қуандықов (63,5 келі), Нұрдәулет Қалшора (57 келі), Шара Хамзина (60 келі) қола жүлдегер атанды.
Ал каратэ-додан София Безрульцева чемпион атанды.