27 жастағы украиналық та Лукас сияқты кәсіпқой бокстағы дебютін былтыр жасаған.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (1-0) 2 қазан күні аса жеңіл салмақта UBO International титулына таласады, деп жазады vesti.kz.
Алматы қаласында өтетін бокс кешінде Лукастың қарсыласы украиналық Лена Гуриева болмақ (1-2).
27 жастағы украиналық та Лукас сияқты кәсіпқой бокстағы дебютін былтыр жасаған. Гуриева қазіргі дейін үш кездесу өткізіп, бірінде жеңіске жетсе, екеуінде қарсыласқа есе жіберген. Ал Лукас алғашқы кездесуін 2021 жылдың басында өткізіп, тағы бір украиналық боксшы Светлана Василевскаяны жеңген еді. Қазір қазақстандық кездесуге қызу дайындық жүргізіп жатыр. Оның айтуынша бұл жекпе-жек кәсіпқой бокста өзі туралы айтуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қазанда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында АҚШ-тың Boxing Stars Management компаниясы ұйымдастырып жатқан нағыз америкалық атмосферадағы бокс кеші өтеді. Кешті "Хабар" арнасы мен өзге де шетелдік арналар трансляциялайды.