Бұл ММА спортында сирек қолданылатын әдіс.
ERNUR.KZ. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері ресейлік қарсыласына сирек кездесетін ауырту әдісін қолданып, жеңіске жетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ерсұлтан Шәкенбай ресейлік қарсыласы Мухаммадамин Мукумовты (Сулоев деген атпен танымал) ММА спортында сирек қолданылатын әдіспен жеңді. Бұл әдіс тізені ауырту арқылы қолданылады.
Жекпе-жек ММА бойынша Қазан қаласында Еуропа чемпионатының жартылай финалында өтті (52,2 келіге дейінгі салмақта).