Қазақстандық ауыр атлетттер халықаралық турнирден ІІ орын алды

0
849

Халықаралық жарысқа Қазақстаннан Ақтөбе, БҚО мен Қостанай облысынан 3 команда қатысты.


Қазақстандық ауыр атлетттер халықаралық турнирден ІІ орын алды

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясы Орынбор облысында ауыр атлетикадан ашық кубок өтті, деп жазады baq.kz.

Халықаралық жарысқа Қазақстаннан Ақтөбе, БҚО мен Қостанай облысынан 3 команда қатысты. Нәтижесінде, біріккен Қазақстан құрамасы жарыс иелеріне бір ұпай есе жіберіп, екінші орынға ие болды.

Жарыста 89 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қостанайлық Ренат Баударбеков көзге түсті. Ол 402 ұпайды бағындырып, аюсолютті чемпион атанды. Ал әйелдер арасында «Жас Қуат» бағдарламасының стипендиаты Арайлым Жанет абсолютті чемпион атағына ие болды. Ол 64 келіне дейінгі салмақта үздік болды.

Қазақстанның біріккен құрама командасының нәтижелері мынадай болды:

Аян Байзақов (Қостанай) - 1 орын (73 кг)
Ержан Жұмағұлов (БҚО) - 1 орын (81 кг)
Глеб Гаврилов (Ақтөбе) - 1 орын (109 кг) - «Жас Қуат» бағдарламасының стипендиаты
Сержан Хамидолла (БҚО) - 3 орын (55 кг)
Данагүл Урашева (БҚО) - 3 орын (59 кг)
Нұржан Қожин (Ақтөбе) - 3 орын (67 кг) - «Жас Қуат» бағдарламасының стипендиаты