Осыған дейін еркін күрестен Қазақстан құрамасы Бухарестте өткен турнирде командалық есепте бірінші орын алған болатын.
ERNUR.KZ. Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Бухарест (Румыния) қаласында өткен халықаралық турнирде тоғыз жүлде жеңіп алды, деп жазады vesti.kz.
Аталған турнирде Айдос Сұлтанғали (60 келі), Ернур Фидахметов (63), Ибрагим Магомадов (72), Тамерлен Шадукаев (77) және Мирас Баршылықов (82) алтын жүлденің иегерлері атанды.
Ал Ғалым Қабдунасыров (63), Ерұлан Ысқақов (97) және Әлімхан Сыздықов (130) күміс жүлде иеленсе, Шамиль Батыров (82) қоланы қанағын қылды.
Еске салайық, осыған дейін еркін күрестен Қазақстан құрамасы Бухарестте өткен турнирде командалық есепте бірінші орын алған болатын.