Қазақстандық чемпионның өлімінен кейін бапкері сұхбат берді

0
596

Альберт Линдердің өлімінен кейін ауыр атлетика талқыға түсті.


Қазақстандық чемпионның өлімінен кейін бапкері сұхбат берді

ERNUR.KZ. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бапкері қазақстандық телеарналардың біріне берген сұхбатында өзінің тәлімгері Альберт Линдердің өліміне қатысты пікір білдірді, деп жазады kaz.vesti.kz.

"Допинг бақылаушы келеді, банкілерді алады, нөмірлерді, парақты береді. Нөмірі бар спортшыға бәрін жиып береді. Ол бес бақылау сынамасын тапсырды. Төртеуі таза болды. Ал бесіншісі лас болып шықты. Осылайша, Олимпиада ойындарына бара алмады", - дейді Седов.

Бапкердің сөзінше, құрама команда ауыр күндерді басынан кешіп жатты. Альбертке де оңай болған жоқ.

"Ол кезде Альберт адам танымастай болып кетті. Оны босаттым. Бұл Таразда болған оқиға. Жаттығудан босаттым, біз сағаттап әңгімелестік. Сол кезде айтқаны: "Керек емес маған мұндай, мынау Рио. Барып жұмыс істеймін одан да, басқа дүниемен айналысармын, бірақ, бұл жолды қайталап өткім келмейді".

Альберт Линдердің өлімі жайлы 17 қыркүйекте белгілі болды. Кейіннен спортшы өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс бастады.