Қазақстандық дзюдошы әлемдегі ең үздік он балуанның тізіміне енді

0
572

Оның есебінде 4080 ұпай бар.


Қазақстандық дзюдошы әлемдегі ең үздік он балуанның тізіміне енді

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте (Венгрия) аяқталған «Үлкен дулыға» турнир қорытындысы бойынша жасалған әлем дзюдошыларының жаңа рейтингін жариялады. Жарысқа әлемнің 69 елінен 459 спортшы қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс қорытындысы бойынша Армия орталық спорт клубының спортшысы ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтегі үздік дзюдошылардың жетінші сатысында тұр. Оның есебінде 4080 ұпай бар.


«Будапешттегі «Үлкен дулыға» жарысы – коронавирус пандемиясына байланысты ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы маңызды турнир. Сайысқа қатысушылар құрамы өте мықты. Әлемнің үздік балуандары қатысты. Осыған қарамастан Ғұсман жоғары нәтиже көрсетті. Бізді алдағы жарыстарға қарқынды дайындық күтіп тұр», – деп атап өтті Армия орталық спорт клубының олимпиадалық спорт түрлері бойынша штаттық командаларды даярлау бөлімінің бастығы майор Әнуар Үсенов.


Ғұсман Қырғызбаев – ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі, 2016 жылы Цюрихте (Швейцария) өткен CISM (Халықаралық әскери спорт кеңесі) әскери қызметшілері арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, 2018 жылы Агадирде (Марокко) өткен Гран-при кезеңінің және 2019 жылы Абу-Дабиде (БАӘ) өткен «Үлкен Дулыға» (Grand-Slam) турнирінің чемпионы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері.