Қазақстандық дзюдошы қыз Португалияда алтын медаль жеңіп алды

0
947

Қазақстан үшін бұл тарихи финал болды.


Қазақстандық дзюдошы қыз Португалияда алтын медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Португалияда өтіп жатқан Гран-при турнирінде жеңімпаз атанды, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстан үшін бұл тарихи финал болды. 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова отандасымыз Ғалия Тынбаевамен кездесті.
Әбужақынова "алтын", ал Тынбаева "күміс" медаль жеңіп алды.
Әлемдік рейтингте Әбужақынова сегізінші орында тұр, Тынбаева 52-ші позицияға жайғасқан.
Айта кетері, Әбиба – былтыр Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.