Ирина Юнусметова рейтинг бойынша Париж ойындарына іріктеуден өтті.
ERNUR.KZ. Нысана көздеуден Қазақстан командасының қоржыны тағы бір Олимпиада жолдамасымен толықты, деп жазады inbusiness.kz.
Халықаралық спорттық оқ ату федерациясы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша олимпиадалық рейтингті жаңартты.
Нәтижесінде, қазақстандық Ирина Юнусметова 10 метрге тапаншамен нысана көздеуден квотаға ие болды.
Бұл еліміздің спорттық ату федерациясының еншісіндегі 9-лицензия. Осыған дейін Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Чирюкин (нысана көздеу); Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко мен Мария Дмитриенко (стенд ату) Парижге барар билетке иелік еткен. Осы қатарда Әсем Орынбай мен Ирина Юнусметованың лицензиясы жеке спортшының өзіне тиесілі. Қалғаны федерацияға берілген квота.
Ал жалпы Қазақстан еншісіндегі лицензия саны 67-ге жетті.