БАӘ-нің Жауынгерлер аралында тартысты айқас болды. Нұрмағамедов қазақстандықты тұншықтыру әдісімен жеңді.
ERNUR.KZ. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы кездесуінде Хабиб Нұрмағамедовтың немере інісі, Ресей өкілі Омар Нұрмағамедовпен кездесті, деп жазады sputniknews.kz.
Жекпе-жек екі раундқа ғана созылды, Омар Нұрмағамедов Морозовты тұншықтыру әдісімен жеңді. Кездесу мерзімінен бұрын аяқталды.
Айта кетейік, Хабибтің бауыры ешқашан жеңілмеген.
Хабиб Нұрмағамедов айқас аяқталғаннан кейін жеңілген Морозовтың командасына барып, құрмет белгісі ретінде қол алысып амандасты. Осы сәт видеоға түсіп қалды.
Бұған дейін спортшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, ең жеңіл салмақтың лимитін орындады. Морозов 61,2 келі, ал Нұрмағамедов 61,7 келі тартты. Сол жерде екеуі көз арбасты.
Бұл жекпе-жек 2020 жылы қазан айында UFC 254 турнирі кезінде өтуі керек еді. Алайда Омар ауырып қалып, жекпе-жекті кейінге шегеруге тура келді.
Make that 13-0!
A sub win for @UmarNmgdv's UFC debut