Қазақстандық спортшы джиу-джитсуден әлем чемпионы атанды

0
468

Джиу-джитсуден қара белбеудің иегері Исраилов 85 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.


Қазақстандық спортшы джиу-джитсуден әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Абу-Дабиде (БАӘ) джиу-джитсуден әлем чемпионаты аяқталды. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық Руслан Исраилов қарсыласының бәрін жеңіп, әлем чемпионы атанды, деп жазады vesti.kz.

Джиу-джитсуден қара белбеудің иегері Исраилов 85 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Жалпы бұл салмақта 34 спортшы болды. Руслан бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, бірінші орын алды.

Отандасымыз үшін ең маңызды кездесу финал болды. Ақтық сында Исраилов Канада елінің өкілі Нейтон Дос Сантоспен кездесті. 2019 жылы бұл қарсыластар кездесу өткізіп, қазақстандық жеңіліп қалған болатын. Бұл жолы Руслан есе қайтарып, чемпионы болды.

Енді Исраилов бағын Азия ойындарында сынайды. Бұл сайысты ол 2018 жылы жеңген болатын.