Оның әкесі 2005 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Камиль Куруглиев еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, деп жазады sputnik.kz.
17 жасқа дейінгі 92 келіге дейінгі чемпионат финалында Камиль венгр спортшысы Мұса Арсункаевпен кездесті. Қазақстандық палуан 11:00 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетері, қазақстандық палуанның әкесі Магомед Куруглиев – 84 келіге дейінгі салмақта 2005 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.