Қазақстандық «темір аналар» Ла-Манш бұғазында 36 шақырым жүзіп өтті

0
1 157

Бұл дистанцияны «әлемдегі ең сұмдық» дистанция деп атайды.


Қазақстандық «темір аналар» Ла-Манш бұғазында 36 шақырым жүзіп өтті

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 2 шілдесінде қазақстандық төрт триатлоншы - «IronMoms KZ» («Темір аналар») командасы ультра-триатлонның «EnduromanArchtoArc» экстремалды түрінен жарысты бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл дистанцияны «әлемдегі ең сұмдық» дистанция деп атайды. Спортшылар Лондондағы Мәрмәр қақпасынан басталып, Париждегі Триумф аркасында аяқталатын 480 километрге жуық дистанцияны еңсереді. Этапқа қатысушылар Лондоннан Дуврға дейінгі 140 шақырымды жүгіріп өтіп, сосын Ла-Манш бұғазын 36 шақырым қашықтықты жүзіп өтіп, әрі қарай Парижге велосипедпен 290 шақырымды артта қалдырады.

Дәл сол Ла-Маншта (Ағылшын каналы) соңғы үш жылда екі спортшы қайтыс болғаны белгілі. 2014 жылы дистанцияны 80 сағат 50 минутта кесіп өткен 45-жастағы британдық Ник Томас 2016 жылдың жазында өз жетістігін қайталамақ болады. Алайда мәреге жақын қалғанда есінен танып, ауруханада қайтыс болды. Бір жылдан соң оқиға қайталанып, 44-жастағы ағылшын триатлоншысы Дуглас Уэймарк қайтыс болды. ArchtoArc-ты тарихта бірінші рет британдық Эдгар Этте 81 сағат 5 минутта аяқтаған болатын. Қазір Эдгар - EnduromanArchtoArc директоры және ұйымдастырушысы.

«ArchtoArc»-ке тіркелу үшін спортшылар жүгіруден, жүзуден және велосипед тебуден тәжірибесі болу керек. Сонымен қатар, оны құжатпен дәлелдеуі керек. Сондай-ақ, олар 16°С-тен төмен температурада жүзуден алты сағаттық тест тапсырулары қажет. Мұндай шектеулерге қарамастан, EnduromanArchtoArc триатлонына деген сұраныс жоғары және қатысушылар кейде өз кезектерін бір немесе екі жыл күтеді. Жарыс ережесі өте қатаң - рефери триатлоншыларды жол бойы бақылайды», - деді Елена Кун Алматы триатлон федерациясының баспасөз хатшысына телефон арқылы хабарласып.

Триатлонның басталуы Ла-Манш бұғазындағы ауа-райына байланысты болғандықтан спортшылар соңғы уақытқа дейін старттың қашан басталатынын білген жоқ. Триатлон ұйымдастырушылары маршрут басталғанға 20 сағат қалғанда хабарлады.

2 шілдеде «Темір аналар» - Эльфира Дудник, Елена Кун, Мадина Құрманбаева мен Анель Сытдықова Дуврге аман есен жетті.

«Біз жүгіруді аяқтадық! Енді бізге күш-жігер мен сабыр керек. EnglishChannel, бізге әдеттегіден сәл жұмсағырақ бол!» - деді қазақстандық спортшылар.

3 шілдеде қазақстандық триатлоншылар Ла-Маншты жүзіп өтті.

«Бұл менің өмірімдегі ең ұмытылмас түн болды! We did it!», - деді Елена Кун. Қазір қыздар EnduromanArchtoArc соңғы кезеңіне - Франциядағы велоэтапқа келді. «Бізді Европада тұрып жатқан отандастарымызбен қатар, жүздеген француздар мен ағылшындардың қолдап жатқанына қуаныштымыз. Бұл қазір триатлонның әлемдегі ең танымал спорт түрлеріне жататын көрсетеді!» - деді Елена Кун.