Қазақстандықтар батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында 6-орын алды

0
556

Синхронды секіруден спортшыларымыз финалда өнер көрсетті.


Қазақстандықтар батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында 6-орын алды

ERNUR.KZ. Батуттағы гимнастикадан Қазақстан құрамасы Болгарияда өткен әлем чемпионатында 6-орын алды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, синхронды секіруден спортшыларымыз финалда өнер көрсетті. Нәтижесінде Даниил Мұсабаев пен Пірмаммад Әлиев алтыншы орынға табан тіреді.

Бағдарламаның аталмыш түрінде барлығы 26 команда бақ сынады.

Еске салайық, әлемдік біріншілікте ел атынан 5 спортшы өнер көрсететінін бұған дейін жазылған болатын. Синхронды және жеке секіруде Пірмаммад Әлиев, Даниил Мұсабаев, Роман Барков және Ерлан Тасмағамбетов, қос мини трампта Игорь Грачев медальдар үшін таласты.