Жекпе-жек сәуір айында өтеді.
ERNUR.KZ. 31 жастағы ресейлік Тимофей Настюхин (13-4) азиялық One Championship ұйымының чемпиондық белбеуіне таласатын болды, деп жазады Vesti.kz.
Аралас жекпе-жекте жеңіл салмақта өнер көрсететін Настюхин 2019 жылдың қараша айынан бастап жекпе-жек өткізбеген. Соңғы рет ол UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Эдди Альвареспен кездесіп, жеңіске жетті. Оның алдағы кездесуі 14-сәуірге жоспарланып отыр.
Жалпы Тимофей Қазақстанның тумасы. Ол 1989 жылы Алматы облысы, Талдықорғанның жанындағы Үштөбе қаласында дүниеге келген. Спортшының анасы қазақ. Әкесі орыс. Бес жасқа дейін Настюхин Қазақстанда тұрып, кейін Ресейге көшіп кеткен. Тимофейдің өзі ресейлікпін дейді. Бірақ Қазақстаннан көп қолдау болатынын да айтады.
Алдағы кездесуде оның қарсыласы сингапурлік Кристиан Ли (14-3) болады. 22 жастағы спортшы соңғы бес кездесуінде қатарынан жеңіске жеткен. Қазіргі уақытта көптеген мамандар Кристианның UFC ұйымына ауысатынын айтып жүр. Ол шынымен де талантты. Тоғыз кездесуін нокаутпен аяқтаған. Карьерасын 17 жасында бірден One FC ұйымында бастаған.
Ал Тимофей болса аралас жекпе-жекте 2014 жылдың желтоқсан айынан бері өнер көрсетіп келеді. Ол алты рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.