"Қазақтың патшасы" кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін қашан өткізетінін айтты

0
494

Коточигов соңғы рет шаршы алаңға 2021 жылдың 12 наурызында шығып, ұлыбританиялық Гэри Каллиден (13-0, 7 КО) жеңіліп қалды.


ERNUR.KZ. "Қазақтың патшасы" деген лақап аты бар Виктор Коточигов (12-2, 5 КО) шаршы алаңға қашан оралатынын айтты, деп жазады vesti.kz.

"Мен карьерамды аяқтамадым. Жаттығып жатырмын. 9 шілде күні шаршы алаңға шығу керек ем. Кейін 20 шілдеге ауыстырылды. Бұл жекпе-жекті Tukeshev Boxing ұйымдастыру керек болған. Бірақ содан соң да кейінге қалды. Бұған қарамастан мен бабымдамын. Кез-келген уақытта шаршы алаңға шығуға дайынмын. Енді күзде кездесу өткізу керекпін.

Шаршы алаңға шықпағаныма шамамен бір жылдай уақыт болды. Қазақстанда кездесу өткізгім келеді. Дегенмен жол болмай жатыр. Кездесулерім қайта-қайта кейінге шегеріліп жатыр. Соған қарамастан Алматыда дайындалудамын.

Жуырда бәрі белгілі болады. Әрине, мықты жоспарларым бар. Алайда қазір оны айтпай-ақ қояйын. Жақында жақсы жаңалықпен бөлісемін", - деді Коточигов.

Айта кетейік, Коточигов соңғы рет шаршы алаңға 2021 жылдың 12 наурызында шығып, ұлыбританиялық Гэри Каллиден (13-0, 7 КО) жеңіліп қалды.