Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісін сенсация деп атап, спортшыларды жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы құттықтауын Twitter-де жариялады.
"Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына сәттілік тілеймін!", - деп жазды Тоқаев.
Айта кетейік, футзалдан Әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы Иранмен ойнап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Финалға шығу үшін ол Португалиямен ойнайды, матч 30 қыркүйекте өтеді. Тағы 1/2 жұп Бразилия мен Аргентина болды.