ҚПЛ тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

0
687

Негізі ел біріншілігі 3 тамыз басталады деп күтілген болатын.


ҚПЛ тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантинді екі аптаға - 17 тамызға дейін ұзартуды тапсырды, деп жазады vesti.kz.

Бұған дейін Қазақстан чемпионатының қайта басталуы 3 тамызға жоспарланған деп хабарланған болатын. Енді, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасынан кейін Премьер-Лиганың қайта басталуы тағы да кейінге қалдырылуы мүмкін.

"Шілдеде енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі жақсарту үшін және Қазақстан мен көршілес мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың ықтимал күрделенуін ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантиндік шараларды екі аптаға ұзартуды, содан кейін кезең-кезеңімен жеңілдетуді тапсырды", - деді Ақорда хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан бастап карантинді қалай жеңілдеткілері келетінін айтқан болатын.