Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімі шықты

0
2 487

Процесс онлайн режимде өтті.


Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Алмалы аудандық соты аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімін шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.

Процесс онлайн режимде өтті.

«Қуат Хамитовты ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлімімен айыпты деп тауып, 6 айға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарылды», - деді судья.

Айыпталушы сот үкіміне 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.

Оның алдында спортшы соңғы сөзін айтқан болатын. Ол шетелге шығуға тыйым салмауын өтінген еді.

Қуат Хамитов ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) қозғалған іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр.

Айта кету керек, былтыр қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын.

Ол әлеуметтік желіде билікке қарсы күш қолдануға шақырған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімімен іс қозғалды.