Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды.
ERNUR.KZ. Жарыс шымылдығын еркін күрес шеберлері түрді. Ал Қазақстан әйелдер командасының бас бапкері Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, құрамадағы екі балуан жарыстан сырт қалмақ, деп жазады vesti.kz.
"Қазақстан біріншілігінің басталуын балуандарымыз асыға күтуде. Себебі, жас спортшылар үшін бұл үлкен мүмкіндік. Өздерін жақсы қырынан көрсетіп, ұлттық құрамаға шақырту алу үшін барын салады.
Ал құрама көшбасшылары арасынан Татьяна Аманжол мен Валентина Исламова қатыспайды. Аманжол спорттық мансабын аяқтағанын айта кету керек.
Ал Эльмира Сыздықова, Мадина, Жамиля Бақбергенова бастаған құрама үздіктері ел чемпионатында сынға түседі", - дейді бас бапкер.
Айта кетейік, өз карьерасында Татьяна Аманжол төрт рет Азия чемпионатында алтын жүлде алса, бір мәрте қола алған. Одан бөлек, 2014 жылғы Азия ойындарында ол қола медальдің иегері атанған.