МакГрегор Хабибпен өткен кездесуде ереже бұзғанын мойындады

0
572

Бұл кездесуде МакГрегор жеңіліп қалған еді.


 МакГрегор Хабибпен өткен кездесуде ереже бұзғанын мойындады

ERNUR.KZ. Екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор 2018 жылдың күзінде Хабиб Нурмагомедовпен өткен кездесу барысында ереже бұзғанын мойындады, деп жазады vesti.kz.

МакГрегор өз постында жекпе-жектен үзінді салды. Ол видеода тізмен қарсыласының астында жатып, Нурмагомедовтің көзіне тізесімен соққы жасап жатыр. 32 жастағы спортшы бұл әрекетті әдейі істемегенін де жазады. Сондай-ақ ол дәл осы әдісті UFc ұйымында рұқсат етуді де сұрады.

"Мұндай жағдайда тіземен көзге ұруға болмайды, иә. Әдемі емес. Бұған дейін мен мұндайды көргенім жоқ", - деп жазды Конор.

Еске салайық, МакГрегор бұл кездесуде Хабибтен жеңіліп қалған болатын. Ресейлік спортшы төртінші раундта қарсыласын қылқындырып тастады.

Енді Нурмагомедов өзінің келесі кездесуін 24 қазан күні өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Джастин Гэтжи болады.