25 жастағы футболшы екінші тайм барысында жарақат алды.
ERNUR.KZ. Франциялық "Марсель" командасының футболшысы Амин Арит15 турда "Монакоға" (3:2) қарсы кездесу барысында жарақат алды, деп жазады vesti.kz.
25 жастағы футболшы екінші тайм барысында жарақат алды. Аритті дәрігерлер зембілмен алып кетті. Оның жарақаты қаншалықты ауыр екені белгісіз.
Арит Марокко құрамасының әлем чемпионатына баратын футболшылар тізіміне енген болатын. Топтық кезеңде бұл құрама Бельгия, Канада және Хорватия құрамалыра қарсы ойнайды.