Ол соңғы он жыл ішінде 915 миллион доллар тапты.
ERNUR.KZ. Forbes журналы онжылдықтағы ең көп қаржы тапқан 10 спортшының тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл тізімнің көшін кіші Флойд Мейвезер бастады. Ол соңғы он жыл ішінде 915 миллион доллар тапты. Екінші орында португалдық «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду. Үздік үштікті «Барселона» жұлдызы Лионель Месси түйіндеді.
Топ-10:
1) Кіші Флойд Мейвезер (бокс) — $915 млн.
2) Криштиану Роналду (футбол) — $800 млн.
3) Лионель Месси (футбол) — $750 млн.
4) Леброн Джеймс (баскетбол) — $680 млн.
5) Роджер Федерер (теннис) — $640 млн.
6) Тайгер Вудс (гольф) —$615 млн.
7) Фил Микельсон (гольф) — $480 млн.
8) Мэнни Пакьяо (бокс) — $435 млн.
9) Кевин Дюрант (баскетбол) — $425 млн.
10) Льюс Хэмилтон (автогонки) — $400 млн.