Соңғы рет 2007 жылы 81 салмақ дәрежесінде тайбоксшы Алмаз Қасенов айды аспанға шығарып, үздік атанған еді.
ERNUR.KZ. Таиландта өткен муайтайдан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың жолы болды, деп жазады 24.kz.
Осы бәсекеде отандық спортшылар 5 медальді қоржынға салды. Оның біреуі – алтын, біреуі – күміс және үшеуі – қола жүлде. Осылайша жалпыкомандалық есепте 99 елдің арасында Қазақстан 10-орынға табан тіреді.
Айтулы додада 57 салмақ санатында шаршы алаңға шыққан Алмаз Сәрсембеков әлем чемпионы атанды. Бұл – біздің ел үшін тарихи жеңіс.
Соңғы рет 2007 жылы 81 салмақ дәрежесінде тайбоксшы Алмаз Қасенов айды аспанға шығарып, үздік атанған еді. Араға 12 жыл салып оның жеңісін Алмаз Сәрсембеков қайталады.