Кикбоксингтен өткен турнир кезінде франциялық және испаниялық спортшылардың жекпе-жегі күлкілі жағдаймен аяқталды.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Франциялық кикбоксшы Хаким Кетаиба мен испаниялық Хосе Мария Кеведоның кездесуінде күтпеген жағдай болды, деп жазады sputniknews.kz.Франциялық спортшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірген. Испаниялық бірден есін жия алмады. Ал нокауттан тұрған кезде өзін жеңімпаз санаған спортшының қуанышында шек болмады. Оның есеңгіреп жүргені байқалып тұрды. Тіпті ол тұра сала рингке емес, қарсы бетке қарай жүріп кетті.
Жекпе-жектің комментаторлары нокаут Кеведоны "паралельдік әлемге" жібергенін айтты. Осылайша Хаким Кетаиба жеңімпаз атанды.