Ол 3000 метр қашықтықты 9-орынмен аяқтады.
ERNUR.KZ. Олимпиада ойындарында 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто мәрені тоғызыншы болып кесті. Финалдық кезеңге барлығы 15 желаяқ қатысты, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл дистанцияда бірінші болып бахрейндік желаяқ Уинфред Яви келді. Ал, Токио Олимпиадасының чемпионы угандалық Перут Чемутай екінші орын алса, Кениядан келген Фейт Черотич үздік үштікті қорытындылады.
Айта кету керек, мәре сызығына ондаған метр қалғанға дейін Перут Чемутай көш бастап келе жатқан. Алайда, соңғы сәтте Уинфрид Яви жылдамдықты арттырып, жеңісті жұлып алды.
Нора Джеруто – 2022 жылғы әлем чемпионы. Қазақстанға ол 2017 жылы Кениядан көшіп келіп, біздің елдің азаматтығын алды. Былтыр босанып, декреттік демалыстан жақында ғана шыққан болатын.