Қазақстан әйелдер командасының мүшелері үш медаль жеңіп алды.
ERNUR.KZ. Иран астанасы Тегеранда таеквондодан G-2 санатындағы 6th President’s Cup Asia Region турнирі өтті, деп жазады baq.kz.
Аталған сында Қазақстан әйелдер командасының мүшелері үш медаль жеңіп алды.
49 келіге дейінгі салмақта Ботагөз Қапанова алтын медаль иеленсе, Наргиз Қойшыбекова қола жүлдені қанағат тұтты.
Сондай-ақ, 67 келіге дейінгіі салмақта Камила Аймұқашева үздік үштікке енді.