Париж-Рубе біркүндік жарысы қазан айына ауыстырылды

0
1 850

Бұл әлемдегі ең ежелгі веложарыстардың бірі.


Париж-Рубе біркүндік жарысы қазан айына ауыстырылды

ERNUR.KZ. Велоспорттан Париж-Рубе біркүндік жарысы сәуір айынан қазанға ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Olympic.kz.

Әлемдегі ең ежелгі веложарыстардың бірі 2-3 қазанда өтеді. Алғашында турнир 11 сәуірге жоспарланған. Алайда, Франция билігінің коронавирус індетіне байланысты енгізген шектеулері салдарынан велобәйге күзге қалдырылып отыр.

Аталған жарыс 2020 жылы да коронавирусты инфекцияға байланысты ұйымдастырылған жоқ. Ал оған дейін турнир бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ғана өткізілмеген.