Рыбакина қатарынан 11-рет жеңіске жетіп, ширек финалға өтті

0
432

Елена Рыбакина дүниежүзінің 39-ракеткасы, бельгиялық теннисші Элизе Мертенспен ойнады.


Рыбакина қатарынан 11-рет жеңіске жетіп, ширек финалға өтті

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп жазады tengrinews.kz.

Елена Рыбакина дүниежүзінің 39-ракеткасы, бельгиялық теннисші Элизе Мертенспен ойнады. Матч 1 сағат 46 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына өтті. Айта кетейік, бұл - Елена Рыбакинаның қатарынан 11-жеңісі.

Енді ол турнирдің келесі кезеңінде дүниежүзінің 25-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнайды.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсеткенін хабарлаған едік. Ол 2022 жылғы "Уимблдон" турниріндегі жеңісінен кейін сыйақы қаржысының бір бөлігін қайырымдылыққа және Қазақстандағы жастарды қолдауға жұмсайтынына уәде берген. Елена Рыбакина сол уәдесінде тұрып, қазақстандық жас теннисшілерге 2,5 миллион теңгеден сыйлады.