Сақалдың қандай болу керегі техникалық және жарыс ережелерімен реттелмек.
ERNUR.KZ. Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өз жарыстарында боксшыларға сақал қоюға рұқсат берді, деп жазады vesti.kz.
Алайда сақалдың қандай болу керегі техникалық және жарыс ережелерімен реттелмек. Бұл шешім бірнеше ай бұрын қабылданды.
"Боксшы сақал немесе мұрт қоя алады, алайда ол мойынға түсіп, оны жаппау керек және 10 сантиметрден аспау міндет", - делінген ұйым хабарламасында.