Ташкентте ТМД елдерінің алғашқы форумы өтті

0
161

Бұл жаңа платформа ТМД елдері аймақтары үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.


Ташкентте ТМД елдерінің алғашқы форумы өтті

Түркістан облысында Марокко шегірткесіне қарсы 334,8 мың га жерге дәрілеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2025 жылдың 29 сәуірде Ташкент қаласында (Өзбекстан) ТМД-ға мүше мемлекеттердің өңірлерінің алғашқы форумы өтті. Қазақстандық делегацияны Сауда вице-министрі Жанель Сабырқызы Кушукова басқарды. Аталған жиынға Түркістаннан облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков бастаған делегация өкілдері қатысты.


Өз сөзінде Ж. Кушукова Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін, оны ТМД аясында тұрақты дамудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Бұл жаңа платформа ТМД елдері аймақтары үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.


Форумға біздің елден Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, Астана қаласы әкімдігінің, сондай-ақ 50-ге жуық қазақстандық компанияның өкілдері қатысты.


Форум аясында ТМД-ға мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығын дамытудағы өңірлердің рөлі, өңірлер арасындағы халықаралық байланыстарды дамыту, атап айтқанда, білім, мәдениет, туризм және т.б. салалардағы өзекті мәселелер бойынша панельдік сессиялар, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің палаталары басшылары кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Панельдік отырыстарда Қазақстан жағынан ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Құрманова мен Қызылорда облысы әкімінің орынбасарыА.Зебешев сөз сөйледі.


Сонымен қатар, Форум аясында Қазақстан аймақтарының өкілдері мен BMB холдингі, «Uztrade» АҚ және SQB инвестициялықорталығының өкілдері арасында кездесулер өтті. Кездесулер қорытындысы бойынша қатысушылар ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен импорты саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік танытты.


Атап айтқанда, қазақстандық тарап тәжірибе алмасу және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, консервілеу және тағы басқа бірлескен жұмыстар жүргізу мақсатында жобалар құру мүмкіндігіне қызығушылық танытты.


Шара қорытындысы бойынша әкімдіктер ынтымақтастық туралы 3 құжатқа қол қойып, ТМД елдерінің іскер топтары арасында байланыс орнатылды.

Бөлісу