Санатәлі Төлтаевтің кездесуіне берілген шағым бұрыс деп шешілді

0
496

Белгардта өтіп жатқан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) мен шотландиялық Рис Линч арасындағы 2:3 есебімен аяқталған кездесуден кейін Қазақстан делегациясы жекпе-жектің нәтижесіне шағым берген еді.


Санатәлі Төлтаевтің кездесуіне берілген шағым бұрыс деп шешілді

ERNUR.KZ. Бұл шағымда төрешілер мен бақылаушылар қарап, айқастың нәтижесін өзгеріссіз қалдырды, деп жазады Vesti.kz.

Осылайша енді әлем чемпионатының финалдық жолдамасына Қазақстанның бес боксшысы таласады. Олар - Теміртас Жүсіпов (49 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі, Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі).

Жартылай финалдық кездесулер 4 қараша күні өтеді. Ал финалдық айқастар 5 және 6 қарашаға жоспарланған.

Айта кетейік, 1/4 финалда Асланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) ұтылып қалды.