Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Лондон қаласындағы Уимблдон турнирінің финалдық кездесуін өткізді.
ERNUR.KZ. Финалда отандасымыздың қарсыласы тунистік Онс Жабер болды, деп жазады Vesti.kz.
Финалдық ойынның бірінші сетін әлемнің екінші нөмірлі теннисші Онс Жабер өз пайдасына аяқтады. 50 минутқа созылған бірінші сеттің есебі 6:3 болды. Бірінші кезең барысында Жабер екі брейк жасады. Ал Қазақстандық теннисші бұл сет барысында бірде-бір брейк жасайтын мүмкіндікке қол жеткізе алмады.
Екінші сетті отандасымыз өте сәтті бастады. Рыбакина бірден қарсыласының геймін жеңіп, алға шығып кетті.Содан соң қазақстандық теннисші бесінші гейма барысында тағы бір брейік істеді. Ары қарай Елена өзінің екі геймін жеңіп, сетті 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Үшінші сетті де Рыбакина бірден брейпен бастады. Одан кейін тағы біреуін істеді. Сөйтіп, 6:2 есебімен жеңіп, Уимблдон турнирінің чемпионы атанды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина - Қазақстан намысын қорғап, "Үлкен дулыға" санатындағы турнирдің финалына шыққан бірінші теннисші атанды. Бірақ бұл нәтижеден кейін Рыбакина рейтингте көтерілмейді. Себебі, турнир басталар алында Уимблдон теннисшілерге ұпай беру мүмкіндігінен айырылды.