Шымкенттік күзетші Ресейде «жалаң қол жұдырықтасушы жалғыз қазақ» атанды

0
2 725

Шымкент қаласының тумасы Бағдат Дүйсембаев 15 жасынан еркін күреспен айналысады.


Шымкенттік күзетші Ресейде «жалаң қол жұдырықтасушы жалғыз қазақ» атанды

фото видеодан скрин

ERNUR.KZ. Елде күзетші болып жұмыс істеген ол нәпақасын табуға Новосибирск қаласына кетеді. Сол кезде бала кездегі арманын орындау үшін бар күш-жігерін салады. Қазір Бағдат жалаң қолмен жұдырықтасудың тұрақты қатысушысы болған жалғыз қазақ азаматы, деп жазады 24.kz.

Шымкент қаласының тумасы Бағдат Дүйсембаев 15 жасынан еркін күреспен айналысады. Қазір Новосибирск қаласында құрылысшы болып жұмыс істейді. Бос уақытында әуесқой рингте өнер көрсетеді. Мәскеуде өткен жалаң қолмен жұдырықтасуда 2 рет жеңіске жеткен.

"Досым тапты кастинг болып жатыр екен турнирге. Олар 2 аптадан кейін жауаптарын айтты. Солардың залдарында тренировка бастадық. Бес турнир өткізген болсам, тренировка жасаған емеспін. Жалғыз қазақ болған «единственный представитель Казахстана» дегенде жігерленемін" - дейді TOP DOG жекпе-жек чемпионатының қатысушысы, Бағдат Дүйсембаев.

"Мінеки Бағдат қарсыласын жықты. Тағы бірнеше өтімді шабуыл жасады. Қолда тұрған жеңіс еді. Алайда төрешілердің үкімі басқа" - дейді тілші, Наргиз Бекмағанбетова.

Иә, бұл Бағдаттың ресейлік Максим Федоровпен кездесуіндегі келеңсіз жағдай. Отандасымыз жеңіске жақын тұр еді, алайда қазылар ресейлік файтердің қолын көтерді. Балуан қосымша раунд талап еткен еді. Бірақ рингтегі төреші қазақстандық спортшыға апелляциялық шағым түсіруді ұсынды.

"Көп адамдар біледі бойдың қалай өткенін. Кім болғанымды әлі де дәлелдеймін. Ниет бар. Нағыз қазақтың характерін, қазақ жігітінің қандай болатынын дәлелдедім. Жұмыс істеп келдім, сосын жарысқа бардым" - дейді TOP DOG жекпе-жек чемпионатының қатысушысы, Бағдат Дүйсембаев.

Бағдат Дүйсембаев кәсіпқой спортшы емес. Бірақ өздігінен жаттығып, әлемдік аренада көк байрақты желбіретемін дейді.