Таэквондодан қоржынға қос қола медаль түсті

0
525

Жарыстың кезекті күні жертестеріміз арасынан Әлібек Шәкенов жеңіс тұғырына көтерілді.


Таэквондодан қоржынға қос қола медаль түсті

ERNUR.KZ. Қоржынға қос қола түсті. Болгария астанасы София қаласында таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп жазады 24.kz.

Жарыстың кезекті күні жертестеріміз арасынан Әлібек Шәкенов жеңіс тұғырына көтерілді. 59 келіде сынға түскен ұлттық құраманың капитаны қола жүлде еншіледі. Кейін дәл осындай жетістікке 55 келіде ел намысын қорғаған Джохир Исламов та қол жеткізді. Айта кетейік, осының алдында ұлттық құрама сапындағы Тілеулес Тамерлан мен Айдана Сүндетбай күміс, ал, Әсет Изғалиев қола жеңіп алған еді.

Қай-қайсы да көптен күткен жүлде саналады. Өйткені қазақстандық спортшылар әлем чемпионатынан ең соңғы рет 2014 жылы медаль алып еді. Ал алтын жүлде 2005 жылдан бері жоқ. Нұрболат Жаңбыров баптайтын қыз-жігіттер енді соңғы олқылықтың орнын толтырғысы келеді. Әлем чемпионатына бас-аяғы 20 спортшымыз аттанды. Яғни ұлдар арасында 10, қыздар арасында 10 салмақта сынға түседі.