Көлік апаты таңертеңгі уақытта болды.
ERNUR.KZ
«Астон Вилла», «Болтон» және «Кардифф Сити» сынды клубтардың атынан ойнаған ағылшын премьер-лигасының бұрынғы ойыншысы Джей Ллойд Сэмюэл Чешир графтығында болған жол-көлік апатында қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Eurosport басылымына сілтеме жасап.
Көлік апаты таңертеңгі уақытта болды. Тринидад пен Тобагода балалық шағы өткен 37 жастағы футболшы балаларын мектепке апарып, үйге қайтып келе жатқан жолда қаза табады. Оның Range Rover көлігі фургонмен соқтығысқан.
Спортшы оқыс оқиға болған жерде қайтыс болды. 15 мамыр күні «Астон Вилла» футболшылары қолдарына қара байлауыш тағып ойнады.