Бүгін қазақстандық жасөспірімдер Шри-Ланка құрамасымен ойнайды.
ERNUR.KZ. Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағының топтық іріктеу сайыстары басталды, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің жасөспірімдер құрамасы D тобында Индонезияны 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Дамир Жалғасбай Али Коста Рафалентиноны 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстанның 14 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, Еуропа теннисі чемпиондық кестесінде көш бастап келе жатқан Заңғар Нұрланұлы Вишна Рангеден 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.
Жұптық сында Д.Жалғасбай Даниэль Тазабековпен бірге қарсыластарынан айласын асыра білді – 6:2, 6:3.
Ертең қазақстандық жасөспірімдер Шри-Ланка құрамасымен ойнайды.