Физиев UFC Вегас 58 турнирінде бразилиялық Рафаэль Дос Аньоспен болған кездесуде мұрнын сындырып алған.
ERNUR.KZ. UFC ұйымында өнер көрсететін Қазақстанның тумасы соңғы айқасынан кейін мұрнына операция жасатты, деп жазады vesti.kz.
Физиев UFC Вегас 58 турнирінде бразилиялық Рафаэль Дос Аньоспен болған кездесуде мұрнын сындырып алған. Дереккөздің ақпараты бойынша, ол енді қараша не желтоқсан айында ғана жекпе-жек өткізе алады.
Еске салайық, бұл айқаста Физиев бесінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңді. Осы жеңістен кейін ол жеңіл салмақтағы рейтингте тоғызыншы орынға көтерілді.