Ол 22 мамырда Лас-Вегаста австралиялық Джошуа Кулибаомен жекпе-жекке шығады.
ERNUR.KZ. Қытайдың этникалық қазағы Сайран Нұрданбек 22 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC турнирінде күш сынайды, деп жазады zakon.kz.
Vesti.kz сайты оның Шаилан деген бүркеншік атпен өнер көрсететінін жазады. Ол 26 жаста. Іле-Қазақ автономиялық облысында, Күнес уезінде дүниеге келген.
22 мамырда Лас-Вегаста ол австралиялық Джошуа Кулибаомен жекпе-жекке шығады.
Этникалық қазақ нокаутпен тоғыз рет жеңіске жеткен, бесеуінде қарсыласы өзі берілген, тағы бесеуі төрешінің шешімі бойынша. Жеңілістерге келетін болсақ, ол өз карьерасында төрт рет өз еркімен берілді, бір рет нокаутқа ұшыраған.
Бүгіндері UFC-де Қазақстан атынан Мария Агапова, Шавкат Рахмонов, Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов төбе көрсетіп жүр. Арман Оспанов пен Арман Әшімов 2020 жылдың соңында Fighting Ultimate Championship лигасымен келісімшартқа отырды.