Халықаралық әуежайдың VIP-терминалында спортшыны ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов күтіп алды.
ERNUR.KZ. "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Қазақстанға оралды, деп жазады Vesti.kz.
Еліміздің бірінші нөмірлі теннисшісі дүйсенбі күні кешкі рейспен елордаға қонды. Халықаралық әуежайдың VIP-терминалында спортшыны БАҚ өкілдерінен бөлек жанкүйерлер мен ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов күтіп алды.
Елена Рыбакина жанкүйерлерге алғыс білдіріп, барлық сұраққа арнайы ұйымдастырылатын баспасөз мәслихатында жауап беретінін айтты.