Супер тай-брейкте Асылжан мен Соня жеңісті жұлып алды – 10:6.
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп жазады inbusiness.kz.
Қазақстандық жұп екінші айналымда словакиялық Рената Ямрихова – жапониялық Эни Койкемен сынға түсті.
Бірінші партияда Арыстанбекова – Жиенбаева 6:2 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде Ямрихова – Койке қарымта қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Асылжан мен Соня жеңісті жұлып алды – 10:6.
Асылжан Арыстанбекова – Соня Жиенбаева жартылай финалға шығу үшін чехиялық Джули Пастикова – германиялық Юлия Штузекпен таласады.
Жекелей сында Жиенбаева үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 1-ракеткасы, сол Ямриховаға жол берді – 5:7, 4:6.
Сондай-ақ Амир Омарханов жекелей сында жасөспірімдер арасында биылғы Ролан Гарростың чемпионы, рейтингіде көш басында тұрған америкалық Кайлан Бигуннан ұтылып, ширек финалдан тыс қалды – 7:6 (7:4), 0:6, 4:6.
Амир ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге жұптық сында жарыстың 3-ракеткалары, америкалықтар Бигун – Джаггер Личтен аса алмады – 6:7 (5:7), 3:6.