Қыз балалардың жекпе-жегі әуесқой MMA ережелері бойынша өтеді.
ERNUR.KZ. Вашингтонда өтетін MMA турнирінде 12 жастағы екі қыз баланың төбелесі жоспарланған, деп жазады Zakon.kz.
UFC спортшылары арасындағы белгілі бапкер Рик Литтлдің айтуынша, мұндай жекпе-жекте тұрған ештеңе жоқ.
"Екеуі де мықты, жаттығуларын қалай өткізетінін көрген адам мұндай жекпе-жек өтуі керек дегенге күмәнмен қарамас", - дейді Литтл.
Қыз балалардың жекпе-жегі әуесқой MMA ережелері бойынша өтеді – шынтақ және тіземен бастан соққы жасауға тыйым салынады. Сондай-ақ, құлаған қарсыласты басынан ұруға болмайды.