Бұл Жұмағұловтың мансабындағы жетінші жеңілісі және америкалық промоушендегі бес жекпе-жектегі төртінші жеңілісі.
ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) UFC Vegas 56 турнирінде америкалық Джефф Молинамен өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп жазады tengrinews.kz.
Үш раундқа есептелген жекпе-жек 29:28, 28:29, 30:27 есебімен төрешілер шешімімен 24 жастағы америкалықтың жеңісімен аяқталды.
Еске салайық, 33 жастағы қазақстандық спортшының салмағы - 57,15 келі.
Бұл Жұмағұловтың мансабындағы жетінші жеңілісі және америкалық промоушендегі бес жекпе-жектегі төртінші жеңілісі. Ол бұған дейін UFC-дегі төрт жекпе-жектің біреуінде ғана жеңіске жеткен. Желтоқсанда өткен соңғы жекпе-жегінде бірінші раундта анголалық Манел Кападан (17-6) нокаутпен ұтылды.
Ал қарсыласы Джефф Молина осыған дейін UFC-де екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен спортшы. 2021 жылдың қазан айында өткен жекпе-жектің екінші раундында бразилиялық Даниэль Ласердюді (11-3) нокаутқа түсірген.